«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді (жаңа тізілімге сәйкес).
2024 жылдың 2 тоқсанында барлығы 445 қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 41 қызметтер, оның ішінде: 35 – жеке тұлғалар және 6 – заңды тұлғалар «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру– 72 қызметтер, оның ішінде: 52– жеке тұлғалар және 20 – заңды тұлғалар «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.
3) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру: 0 қызмет -«Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.
4) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру – 0 қызмет, -«Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.
5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 6 қызмет, оның ішінде: 1– жеке тұлғалар және 5 – заңды тұлғалар «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.
6) Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау 0 қызмет, оның ішінде: 0 – жеке тұлғалар және 0 – заңды тұлғалар, - қызмет беруші (Теміртау қаласының әкімдігі) кеңсесі арқылы көрсетілді.
7) Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру – 0 қызмет.
8) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату – 27 қызмет, оның ішінде: 20 – жеке тұлғалар және 7 – заңды тұлғалар, қызмет беруші (Теміртау қаласының әкімдігі) кеңсесі арқылы көрсетілді.
9) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 34 қызмет , оның ішінде: 34– жеке тұлғалар және 0 – заңды тұлғалар, «Электрондық лицензиялау» арқылы көрсетілді.
10) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – 81 қызмет, оның ішінде 57- жеке тұлғалар, 24- заңды тұлғалар, қызмет беруші (Теміртау қаласының әкімдігі) кеңсесі арқылы көрсетілді.
11) Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегіндегі жер учаскесіне құқықтар алу – 184 қызмет, оның ішінде: 82– жеке тұлғалар және 102– заңды тұлғалар, ЭҮП (геопортал) арқылы көрсетілді.