Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-да ашық есік күні өткізіледі

"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
жүргізу аясында 2023 жылғы 22 маусымда "Ашық есік күнін" өткізеді.
Шараның басты тақырыбы - "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы
калькуляторы".
Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарына қатысты ең көп талқыланатын
мәселелердің бірі – зейнетақы төлемдерін қалыптастыру, өйткені, әрбір
адам болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды.
Оған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ төлемдеріңізді қазірдің
өзінде қалай есептеу керек? Ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы мөлшерін
қаншалықты көбейтеді? Инвестициялық портфельді басқаратын
компанияларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігі аударылған жағдайда
зейнетақымның мөлшері қалай өзгеретінін қалай білуге болады?
Осы және басқа да сұрақтарға Қор мамандары жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" 22 маусым күні онлайн-
форматта өтеді:
11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;
12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;
15:00-16:00 дейін - қазақ тілінде;
16:00-17:00 дейін - орыс тілінде өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=me2f18a0d8d2b8df3c3e67664b319
609a. Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2518 964 8257 мен паролін 123qwE
енгізіңіз.

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық
ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

 

Дата публикации
16 июня 2023
Дата обновления
16 июня 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы