2 желтоқсанда Теміртауда сайлау комиссияларының мүшелеріне Қазақстан
Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуге
белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Сізге Қазақстан
Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезінде жоғары кәсіби және
ұйымдастырушылық деңгейі үшін алғыс білдіреді. Сізге және Сіздің
жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, жұмыста үлкен табыстар
тілеймін!"- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
төрағасы Нұрлан Әбдіровтың алғыс хатында айтылды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алғыс хаттары дәл
осындай жағдайда № 331 УСК төрағасы Дамир Дулатұлы Рахымжановқа; №
335 УСК хатшысы Бақытжан Қазенбайқызы Исаковаға; № 348 УСК төрағасы
Дархан Жанболатұлы Такишевке; № 351 УСК төрағасы Игорь
Александрович Бокке; № 367 УСК төрағасы Марина Леонидовна Копытоваға
табысталды.