Семинар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне арналды. Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - кез келген мемлекеттік органның маңызды бағыты.
Семинарға мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері қатысты.
Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы А. Кәрімов Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау қажеттілігіне, Мемлекеттік қызметтер көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеуге ерекше назар аударды. "Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұсынымына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша да бағаланатын болады", - деп атап өтті А. Кәрімов