Бүгін Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында "Open Akimat" кабинетінде халық арасында заң сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ "Adal komek" жобасы аясында Азаматтарға арналған тегін заң консультацияларының акциясы өткізілді.
Аталған акцияның бастамашысы Теміртау қаласы әкімінің аппараты болды.
Акцияға жеке сот орындаушысы М. Әбенов, аға мемлекеттік сот орындаушысы Д. Ж. Жолдыбаева, тәжірибелі заңгер А. В. Козловский, жеке нотариус Ю. В. Колимасова қатысты.
Өтініш білдірген азаматтардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді. Алимент төлеуге, мұраны ресімдеуге және азаматтық-құқықтық сипаттағы дауларға қатысты мәселелер ең көп сұранысқа ие болды.
Мұндай акциялар тұрақты негізде өткізілетін болады.