Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мемлекеттік органдары бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша 9 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мемлекеттік мекемелерімен: 11676 қызмет көрсетілді ( АК -1128, Е-лицензиялау - 1680, ЭҮП - 5145, көрсетілетін қызметті қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 2849 тікелей байланыссыз, тікелей байланыспен - 224).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
2025 жылдың 4 тоқсанында 9 мемлекеттік орган «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ, «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды бақылау бөлімі ішкі бақылаумен қамтылды. Актілер қоса беріледі. Мемлекеттік органның өзі жүргізген мониторинг барысында анықталған бұзушылықтар бар. Жіберілген бұзушылықтар үшін «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Балтабаев Ақниет Мейрірманұлы тәртіптік жауапкершілікке тартылды жаза туралы бұйрық қоса беріледі.
Министрліктің «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ хатына сәйкес, 30.06.2025 жылы «Qarmet Servise» ЖШС-нен қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алуға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 8 өтініш келіп түсті, өтінішті орындаудың жоспарлы мерзімі 01.07.2025 жыл. Қызметті 02.07.2025 жылы басшының орынбасары А.Б Қуанышев көрсетті– 1 күнге кешіктірілді (жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі).
Ескерту: лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 30.06.2025 ж. мен 04.07.2025 ж. аралығында ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыз болған (аурухана парағының көшірмесі қоса беріледі) бас маман Ю.Г. Безруковаға бекітілді.
Қалада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының 2 бөлімі жұмыс істейді. Олармен Теміртау қаласының мемлекеттік органдары мен халқы арасында түсіндіру іс шараларын өткізу туралы меморандумдар жасалды.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік салалар және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы қызметтері сұранысқа ие болып қала береді.
Ирбп - Gov ресми интернет - ресурстарында Теміртау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемелері тиісті нормативтік-құқықтық актілерді (стандарттар, ережелер), өтініштердің үлгілерін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер паспорттарын, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты, шағымдану туралы ақпаратты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептерді орналастырды.
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ ашық әкімдік жұмыс істейді (Теміртау қ., Тәуелсіздік г., 12). Ашық әкімдікте тұрақты негізде мемлекеттік органдардың қызметшілері консультативтік-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ бірінші қабатындағы фойеде мемлекеттік қызметтер, өтініштердің үлгілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары туралы ақпарат орналастырылған стендтер бар. Бірінші қабатта оң қанатта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана орнатылған. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ зағип азаматтарға арналған Брайль шрифтімен жазылған ақпарат орнатылған.
Президент Әкімшілігінің «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ Азаматтарды қабылдау орталығын ашу туралы тапсырмасына сәйкес, АҚО жұмыс істейді. Тұрғындардың өтініштері мен арыздарын тіркеу жүргізіледі.
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды. 2025 жыл ішінде 49 түсіндіру шарасы өткізілді (кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тікелей эфирлер, «мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері» және т. б.).
Сондай ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтеді. 2025 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызметтер тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында 10 адам өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұсынымдарын орындау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдар (кестеге сәйкес) «мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін» өткізеді.
Мәселен, биылғы жылы «мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін» келесі мемлекеттік органдар өткізді:
«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ағымдағы жылдың 5 ақпанында тікелей эфирде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
https://www.instagram.com/p/DFpJOWzuP59/?igsh=MWthMXVhZm5hY3VvOQ==
https://www.instagram.com/reel/DFr8H9luTJw/?igsh=MjFpanh2Mndtc3Bn
«Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ ағымдағы жылдың 7 ақпанында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін тікелей эфирде өткізді.
https://www.instagram.com/p/DFuDPG2IJHW/?igsh=eHc1cmxzbmV0eHlu
https://www.instagram.com/reel/DFwtDQiNdaE/?igsh=YXpxaGgwMnY0dXZq
«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ағымдағы жылдың 25 ақпанында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін тікелей эфирде өткізді. https://www.instagram.com/reel/DGfLMdKNqwz/?igsh=MmQ2Y2hudmdrd3F0
https://www.instagram.com/p/DGc_VbqIaRl/?img_index=1&igsh=MXZzdTE2a3cwdW50dg==
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ағымдағы жылдың 28 ақпанында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін тікелей эфирде өткізді.
https://www.instagram.com/p/DGiaIqjI4yF/?igsh=cnpkYjU5b2ducGo4
https://www.instagram.com/reel/DGm6VyzIGCN/?igsh=bWdvb3ZlcmU2ZW42
«Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ағымдағы жылдың 31 наурызында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін тікелей эфирде өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DH2_SD5o555/?igsh=ZnZkYjdyNHpwZ2d3
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ
«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ https://www.instagram.com/p/DKPQtAfoA8s/?igsh=MWx0aGUyeGw5bjk1MQ
https://www.instagram.com/p/DKRjO61IuV2/
|
үшінші тоқсанда өткізілді: Ағымдағы жылдың шілде айында өткізілді: 1.https://www.instagram.com/reel/DMsaPYptQq8/?igsh=amszencweGN1YWFs,- 2.кеңес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру а. ж. 30 маусымдағы хаттама қоса беріледі. 3. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»ММ ММ қызметшілерімен семинар-кеңес https://www.instagram.com/reel/DMMwTFmNCIe/?igsh=bGhjd2M3dmYydGdv 4. 2025 жылдың 24 шілдесінде «Парасаттылық» семинары өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ тапсырысы бойынша ұйымдастырылды. Бас спикер ретінде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбайұлы Байбосынов сөз сөйледі. 5. 2025 жылғы 29 шілдеде «Парасаттылық» семинары өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ тапсырысы бойынша ұйымдастырылды. Бас спикер ретінде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбайұлы Байбосынов сөз сөйледі. https://www.instagram.com/reel/DMvC5VeiOnt/?utm_source=ig_web_copy_link
Ағымдағы жылдың тамыз айында қорғаныс желісі бойынша Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. https://www.instagram.com/reel/DN6HGCXAYds/?igsh=bzltejY4M2F1aGpx, 2. өтініштер және мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер https://www.instagram.com/reel/DNqyDMrIwBo/?igsh=NjhuanN2c21pdjEw, 3.https://www.instagram.com/p/DNAD9HQtjme/?igsh=cXNkNjh2anp2Zmlp, 4. кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жәрмеңке https://www.instagram.com/reel/DN7hk-PiLte/?igsh=a3l4d2RpdDRtMDdi 5. https://www.instagram.com/reel/DNYd47OIFPr/?igsh=eDRwbThmaWR5eGt1
1) Теміртау қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.Таранның бастамасы бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айында Теміртау қаласының Спорт және дене шынықтыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг ұйымдастырылды https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/documents/details/892441, 2) Теміртау қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.Таран ағымдағы жылдың қыркүйек айында Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысымен жұмыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түсіндіру сұхбатын өткізді |
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/documents/details/892439,
4. Әдеп жөніндегі уәкіл Р.А. Таран өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға үміткер азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі қалалық комиссияның отырысын өткізді |
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/documents/details/896418
2025 жылғы 4 тоқсан:
https://www.instagram.com/reel/DRynX2ZiI21/?igsh=Z2hqZmFka2J0Ymtp
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
https://www.instagram.com/reel/DPk4B3tjKuo/?igsh=MXNjcGlkYTRuMzAxag==
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша тікелей эфир (Ақтау к.)
https://www.instagram.com/p/DRCJWUGjMyQ/?igsh=NjcwbzQzbXJoZ3I5
Бүгін «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары халыққа қолжетімді Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға қызметтерді алу тәртібі егжей-тегжейлі түсіндіріліп, өзекті сұрақтарға жауап берілді.
https://www.instagram.com/p/DRhEMGnjAkp/?igsh=MTIycjJ2cTI1MDFzdQ%3D%3D
2025 жылғы 26 қарашада «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DSXG9sSDFgG/?igsh=cWlwMmMyYTk3dDN4
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/reel/DSWsHwkjPpO/?igsh=aTB4djUwODE1YXoz
Заңжәнетәртіпакциясы
https://www.instagram.com/p/DR_1s23DEG0/?igsh=MWpoMGRobWJ5cjh0OA%3D%3D
Қазақстанда тұрғын үй көмегін кім және қалай ала алады
Мемлекет тұрғын үй көмегінің ережелерін жаңартты, енді барлығы ашық және онлайн режимінде қолжетімді. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде (ӨҚМ) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz. https://www.instagram.com/p/DSAMiSWDJmJ/?igsh=NHlhOWJnZWtqNXUx
2025 жылы тұрғын үй көмегін қалай алуға болады: кезең-кезеңімен талдау
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға беріледі, ал тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді жалға алуға арналған шығыстар (егер ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынса) өңірде белгіленген шекті мөлшерден асып кетсе, онда бұл көмек беріледі.
Сондай ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұсынымдарына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары тұрақты негізде қоғамдық Кеңестің отырыстарында мемлекеттік қызметтер саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп береді. Ағымдағы жылы Қоғамдық кеңестің отырысында келесі мемлекеттік органдардың басшылары тыңдалды: сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік органдардың халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілді (фото қоса беріледі).
Бұрынғысынша мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
Ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу бақылауда.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру мәселесі тұрақты бақылауда.