Теміртау қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Е.Г. Гомаров аппарат қызметшілерімен қызметтік әдеп пен тәртіп нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау бойынша семинар-кеңес өткізді. Халықпен жұмыс кезінде әдепті сақтау, еңбек тәртібін бұзуға жол бермеу және т. б. мәселелеріне ерекше назар аударды. Әкім аппаратының қызметшілеріне мемлекеттік – құқықтық бөлім басшысының м.а. А.И. Жаңабергеновті таныстырды.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызметтік әдеп нормаларын бұзған фактілер анықталған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілге: 8 (7213) 939205 телефоны арқылы қабылдауға жазылып, хабарласа аласыз.