Мемлекеттік қызметшілердің жұмыста және тұрмыста, халық арасында еңбек, орындаушылық тәртіпті және қызметтік әдеп стандарттары мен нормаларын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейтуге, қызметтік автокөлікті мақсатына қарай, тек қызметтік қажеттілік бойынша жұмыс уақытында пайдалануға ерекше назар аударылды. Әлеуметтік желілердегі соңғы жағымсыз жарияланымдарға байланысты Теміртау қаласы әкімдігінің және Ақтау кентінің мемлекеттік қызметшілеріне, «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметшілеріне әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, әдепсіздік және әріптестерімен, тұрмыста және халықта дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірілді.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызметтік әдеп нормаларын бұзған фактілер анықталған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілге: 8 (7213) 939205 телефоны арқылы қабылдауға жазылып хабарласа аласыз.