Теміртау қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.А. Таран паллиативтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, жоғарыда аталған санаттағы адамдар бойынша мемлекеттік органдарға тапсырма берді, мемлекеттік және әкімшілік қызметшілерге халықпен жұмыс істеу кезінде әдеп нормаларын сақтау, еңбек тәртібін бұзуға жол бермеу және т. б. туралы еске салды.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызметтік әдеп нормаларын бұзған фактілер анықталған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілге: 8 (7213) 939205 телефоны арқылы қабылдауға жазылып хабарласа аласыз.