Теміртау қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.А. Таран Теміртау қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының отырысын өткізді, онда қызметтік этика нормалары мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша комиссия мүшелері тыңдалды. Халықпен жұмыс істеу кезінде әдепті сақтау, еңбек тәртібін бұзуға жол бермеу және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызметтік әдеп нормаларын бұзған фактілер анықталған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілге: 8 (7213) 939205 телефоны арқылы қабылдауға жазылып хабарласа аласыз.