6 қаңтар 2026 жыл
Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурстық комиссиясының шешімі
Теміртау қаласы әкімінің аппараты «Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізді.
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік - құқықтық бөлімінің басшысы (1 бірлік, № 5-1, Е-3 санаты, А блогы) (негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне 2028 жылдың 25 қыркүйекке дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімінен аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқығы бар) лауазымына конкурсқа қатысушылардың болмауына байланысты конкурс комиссиясы жалпы конкурс өткізу туралы шешім қабылдады.