2025 жылғы 25 қыркүйектегі Теміртау қаласы әкімімен кездесуде Ақтау кентінің тұрғындары көтерген проблемалық мәселелері  

2025 жылғы 25 қыркүйектегі Теміртау қаласы әкімімен кездесуде Ақтау кентінің тұрғындары көтерген

проблемалық мәселелері

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

(ЖАО құрылымдық бөлімшелері)

Аяқтау нысаны

Ескерту/

орындалуы

1

Онучина Екатерина Николаевна.

Ақтау кентіндегі жалпы білім беретін мектептерде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор тарапынан профилактикалық іс-шаралар жүргізудің қажеттілігі туралы.

Ақтау кентіндегі жалпы білім беретін мектептерде профилактикалық іс-шаралар өткізу. 

Өтініш берушіге жауап беру.

31.10.2025ж.

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

 

 

Орындалуы туралы ақпарат

№3-22/133 Теміртау қ. ПБ-на кент тұрғындарымен учаскелік инспекторлармен жұртшылық өкілдерімен бірлесіп жиынды ұйымдастыру және учаскелік инспекторлардың кәмелетке толмаған балаларымен профилактикалық жұмыстар туралы хат жолданды.

Оқу жылының басынан бастап профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес Ақтау кентінің аумағында орналасқан жалпы білім беретін оқу орындарында (№28 ЖББМ,№29 ЖББМ,№32 ЖББМ) полиция капитаны М. А. Құлжанов оқушылармен профилактикалық дәрістер, әңгімелер өткізіліп, кейіннен мекемелердің оқу парақтарының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

2

Пеннер Алена Владимировна.

электрмен қамтамасыз ету саласындағы жаңа ұйымның құжаттарын рәсімдеу туралы.

Жаңа ұйымды тіркеу нәтижелері бойынша өтініш берушіге жауап беру.

30.12.2025ж

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

Орындалуы туралы ақпарат

Бүгінгі таңда Ақтау кентінде электрмен жабдықтау саласында қызмет көрсететін ұйым – «РЭС Теміртау» ЖШС.

3

Пеннер Алена Владимировна.

Ақтау кентінде «Қарағанды Жарық» ЖШС есеп айырысу-кассалық орталығын ашу туралы.

«Қарағанды Жарық» ЖШС есеп айырысу-кассалық орталығын ашу үшін ғимарат беру мүмкіндігін қарастыру. 

Өтініш берушіге жауап беру.

10.10.2025ж

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

Орындалуы туралы ақпарат

«Қарағанды Жарық» ЖШС мекенжайына Ақтау кентінде есеп айырысу-кассалық орталығын ашу туралы хат жолданды. Бұдан басқа, «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ тарапынан есеп айырысу-кассалық орталығын ашу үшін үй-жай берілді. Қазіргі уақытта бұл мәселе «Қарағанды Жарық» ЖШС басшылығының қарауында.

4

Пеннер Алена Владимировна.

Орталық модульдік қазандықты салу мерзімдері туралы

Мемлекеттік сараптама нәтижелері бойынша өтініш берушіге жауап беру.

24.10.2025ж

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

Орындалуы туралы ақпарат

Орталық модульдік қазандық құрылысы жобасы бойынша мемлекеттік сараптама нәтижелері бойынша 20.10.2025ж. оң қорытынды алынды.

5

Пеннер Алена Владимировна.

кент аумағында балалар алаңдарын патрульдеу бойынша жұмысты күшейту қажеттігі туралы.

Профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тиісті шаралар қабылдау. 

Өтініш берушіге жауап беру.

үнемі

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

 

Теміртау қаласы ПБ

басшысы

Т.К. Бакаев

Орындалуы туралы ақпарат

29.09.2025ж. №3-22/133 бойынша Теміртау қ. ПБ-на қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және адамдар көп шоғырланатын жерлерде құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында балалар алаңдарын патрульдік полициямен патрульдеуді күшейту туралы хат жолданды. 

Теміртау қ. ПБ-ның 11.11.2025ж. № 5/8713 жазбаша жауабына сәйкес, Теміртау қ. ПБ Патрульдік полиция батальонының жеке құрамы спорттық алаңдарды бақылау жұмысына бағытталған. Алаңдар орналасқан жерлерде патруль бекеттері анықталған.

6

Пеннер Алена Владимировна.

Теміртау-Ақтау тас жолына жылқылардың шығуы салдарынан жол-көлік оқиғасы туралы.

Профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тиісті шаралар қабылдау. 

Өтініш берушіге жауап беру.

үнемі

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

 

 

Теміртау қаласы ПБ

басшысы

Т. К.Бакаев

Орындалуы туралы ақпарат

Жол-көлік оқиғалары мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Теміртау қ. Полиция басқармасына иесіз жайылған мал иелеріне қатысты шаралар қабылдай отырып, профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы хат жолданды. 

Теміртау қ. Полиция басқармасының 11.11.2025ж. №5/8713 жазбаша жауабына сәйкес, Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамы жол жиегінде малдың жүруін бақылауға бағытталған. Аталған мәселе үй жануарларын ұстайтын тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін учаскелік инспекторларға жеткізілген. Мұндай фактілер анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

7

Чай Дагыс.

қаңғыбас иттерді аулау жұмысын күшейту қажеттігі туралы.

Тұрғындардың өтініштері негізінде Теміртау қаласының ветеринарлық станциясына Ақтау кентіндегі иттерді аулау үшін өтініштер жолдау. 

Өтініш берушіге жауап беру.

үнемі

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

«Қарағанды облысы ветеринария басқармасының «Теміртау қалалық ветеринарлық станциясы» КМКК

 

Орындалуы туралы ақпарат

Қарағанды облысы Ветеринария басқармасына қарасты «Теміртау қалалық ветеринарлық станциясы» КМКК-не даладағы иттерді ұстау туралы хат жолданды. Қазіргі уақытта даладағы иттерді ұстау жұмыстары жүргізілуде.

8

Нурмагамбетова Ирина Сергеевна.

кенттегі интернеттің сапасының нашарлауы туралы.

«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер

басқармасы» қызмет көрсетушілерге қатысты тексерулер тағайындау туралы хат жолдау.

Өтініш берушіге жауап беру.

10.10.2025ж

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

Орындалуы туралы ақпарат

Бұл өтініш Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне Beeline, Activ, Tele2 және Altel операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің

сапасын тексеру мақсатында жолданды. Телекоммуникациялар комитетінің мәліметіне сәйкес, жүргізілген тексеру барысында аталмыш аумақтағы байланыс қызметін қамтамасыз ететін базалық станция қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Құрылғы жұмысында кедергілер мен авариялық жағдайлар тіркелген жоқ.

9

Мамонова Анна Николаевна.

Мырза станциясын патрульдеуді күшейту қажеттігі туралы.

Профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тиісті шаралар қабылдау. 

Өтініш берушіге жауап беру.

үнемі

Ақтау кентінің әкімі А.Н. Кайрбаев

 

 

Теміртау қаласы ПБ

басшысы

Т. К.Бакаев

Орындалуы туралы ақпарат

2025 жылғы 29 қыркүйекте Теміртау қаласының полиция басқармасына Мырза станциясындағы Теміржол, Шоссейная және Озерная көшелерінде патрульдеу жұмыстарының күшейтілуі туралы №3-22/133 хат жолданды. 

Теміртау қаласының полиция басқармасының 2025 жылғы 11 қарашадағы №30/8684 жазбаша жауабына сәйкес, Актау кентінің барлық аумағын Теміртау қаласының полиция батальонының патрульдік бөлімшелері тәулік бойы патрульдейді. Патрульдік полиция нарядтары кент аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен болдырмауға бағытталған.

                                                                             

 

Дата публикации
20 ноября 2025