«Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қоғамдық жұмыстардың

түрлерін және қоғамдық

жұмыстар орындалуы тиіс

ұйымдардың тізбесін

айқындау туралы»

 

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурстарда орналастыруды;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ғ. Әшімов

 

Теміртау қаласы әкімдігінің

2025 жылғы «__ » _________

№     қаулысына қосымша

 

 

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және

олар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

 

№

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Ұйымдардың атауы

1.

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

 «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2.

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

 «Тәміртау Мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

3.

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

 «Ақтау» мәдени-бас уақыт өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

4.

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

 «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Дата публикации
14 ноября 2025