Теміртау қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен
республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына
рналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2025 жылғы 26 қарашада сағат 10.00-де Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүл. 9, 3 қабат, 302 кабинет бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
|
пакет
|
маршрут №
|
хабарлама
|
|
№ 1
|
№ 12
|
«TTS» ЖШС - Коксохимөндірісі
|
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Теміртау қ., Тәуелсіздік гүл. мекен жайы бойынша орналасқан «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемеcіне 3 қабат, 309 каб. конкурстық құжаттар жинақтамасын алуға жазбаша хат ұсынулары қажет.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 11 қараша сағат 18.00-ге дейін.
- 2025 жылғы 28 қазанда сағат 10.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 87004161914.