Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі қаржылық қауіпсіздік диктантының (FinIQ) басталуы туралы хабарлайды. Диктант 2025 жылдың 10 қазанынан 20 қазанына дейінгі аралықта өтеді

 

Бұл бастаманың мақсаты – Қазақстан азаматтарында қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру, қаржылық алаяқтық тәуекелдері туралы хабардар болу деңгейін арттыру және жеке қаржымен қауіпсіз жұмыс істеу мәдениетін нығайту.

Өткізу форматы:

  • Іс-шара онлайн форматта, әртүрлі деңгейдегі қиындықтағы 20 сұрақтан тұратын тест түрінде өтеді.
  • Өту уақыты – 25 минутқа дейін.
  • Талап етілетін әрекеттер саны – шектелмеген.
  • Платформа – AML Академиясының сайты: https://amlacademy.kz/finiq

Агенттік ел тұрғындарын жасына және қызмет саласына қарамастан, бұл бастамаға қосылып, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін дамытуға үлес қосуға шақырады.

Дата публикации
10 октября 2025