Қарағанды облысы әкімдігінің терроризмге қарсы комиссиясының қолдауымен Дін істер басқармасы, Теміртау қаласының әкімдігі, Теміртау қаласының спорт және денешынықтыру бөлімімен бірлесіп, Теміртау қаласында мектеп оқушылары арасында «No extremism, no terrorism!» ұранымен жеңіл атлетикадан турнир және ауқымды акция өтті. Іс-шараға Теміртау қаласындағы білім беру ұйымдарынан 150 спортшы қатысты. Қамтылған адамдар саны 200 адам.
Акция барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын түсіндіретін ақпараттық буклеттер мен парақшалар, төзімділік туралы мәліметтер, сенім телефонының байланыс нөмірі, сондай-ақ деструктивті діни ағым өкілдерінің ықпалына қарсы тұру жолдары көрсетілген материалдар таратылды. Қаланың ЛЭД-экранында бейнероликтер көрсетілді.