Комиссия отырысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды. Этика жөніндегі уәкіл комиссия мүшелерінің назарын, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде қызметтік әдеп нормалары мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнама талаптарын сақтауына аударды.