Мониторинг «Аманат» партиясы қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Мониторинг барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қызмет алушылармен мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелер жөнінде әңгіме жүргізілді.
