Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жастар арасында әлеуметтік бейнероликтер байқауын өткізу туралы   ЕРЕЖЕ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жастар арасында әлеуметтік бейнероликтер байқауын өткізу туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Ереже сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жастар арасында әлеуметтік бейнероликтер конкурсын өткізу туралы(бұдан әрі – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін реттейді.

 

1.2. Байқау ұйымдастырушылары:

Байқауды «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ тапсырысымен «Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында ұйымдастыруда.

 

1.3. Байқау Теміртау қаласының 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары арасында өткізіледі.

1.4. Байқауға жекелей немесе шығармашылық топ құрамында қатысуға болады.

1.5. Бір қатысушы немесе шығармашылық топ тек бір ғана бейнежұмыс тапсыра алады.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Байқау мақсаты:

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту, шығармашылық өз ойын білдіру арқылы азаматтық жауапкершілікті арттыру.

2.2. Байқау міндеттері:

  • қаланың белсенді тұрғындарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға белсенді қатысуға ынталандыру;
  • халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту;
  • жергілікті атқарушы органның өткізілетін іс-шаралары туралы ақпаратты тарату және халықтың барлық нысаналы топтарын, оның ішінде жастарды қамтуды қамтамасыз ету.

 

  1. Ұйымдастыру комитеті және байқау комиссиясы

 

3.1. Ұйымдастыру комитеті функциясы:

  • Байқауды ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру (оның ішінде әлеуметтік желілер, БАҚ, оқу орындары арқылы);
  • Байқау өтінімдерін және бейнежұмыстарды қабылдау және тіркеу;
  • Байқау комиссиясын қалыптастыру;
  • Байқаулық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету.

 

3.2. Байқау комиссиясының функциясы:

  • Бекітілген критерийлерге сәйкес конкурстық жұмыстарды талдау және бағалау;
  • Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;
  • Байқау нәтижелерімен қорытынды хаттаманы дайындау және қол қою;
  • қажет болған жағдайда – ресми ресурстарға орналастыру үшін ең жақсы жұмыстардың ұсыну;
  • Байқау комиссиясы қатысушылардан бейне жұмыстар бойынша нақтылайтын ақпаратты сұратуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қайта өңдеу бойынша ұсынымдар жіберуге құқылы.

        

3.3. Байқау комиссияның құрамын ұйымдастыру комитеті бекітеді және оған мемлекеттік органдардың, жастар және қоғамдық ұйымдардың, білім және мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ медиа-сарапшылар кіруі мүмкін.

3.4. Байқау комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Ең көп дауыс жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді және өзгертулер мен толықтыруларға жол берілмейді.

 

  1. Жұмыстарды жүргізу мерзімдері, талаптары және беру тәртібі

 

4.1. I кезең –Бейнероликтерді жариялау:

2025 жылдың 24 шілдесінен  15 қыркүйегіне дейін.

Қатысушылар келесі шарттарды сақтай отырып, Instagram әлеуметтік желісінде бейнероликтер жариялайды:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып;
  • міндетті хештег: #НетКоррупцииТемиртау;
  • жарияланымда @temirtau_akimdigi аккаунтын белгілеу немесе «белгілеу» функциясын қолдану.

 

4.2. II кезең – Өтінім тапсыру:

2025 жылдың 15 қыркүйегінің сағат 18:00-ге дейін өтінімді (1-қосымша) және жарияланымға  сілтемені мына мекенжайға жіберу қажет:

📩 apko2011@mail.ru

4.3. Жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар:

  • тақырыбы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адалдық, әділдік, заңдылық құндылықтары;
  • хронометраж: 1-3 минутқа дейін (60-180 секунд);
  • жанр: еркін (сұхбат, ролик, қойылым, әлеуметтік ролик және т. б.);
  • тіл: қазақша және/немесе орысша.

4.4. Қатысушы ұсынылған бейнематериалдың түпнұсқа екендігіне және үшінші тұлғалардың авторлық және сабақтас құқықтарын бұзбайтындығына кепілдік береді.

4.5. Үздік бейне жұмыстар мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық ресурстарына орналастыру үшін ұсынылуы мүмкін, ағартушылық іс-шараларды өткізу кезінде және оқыту мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

4.6. Байқау қорытындысы бойынша апелляциялар қабылданбайды.

4.7. Қатысушы өтінім бере отырып, байқау шарттарымен, сондай-ақ байқауды ұйымдастыру және өткізу мақсаттары үшін дербес деректерді өңдеуге өзінің келісімін растайды.

 

  1. Жұмыстарды бағалау критерийлері

 

  • Байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • идеяның өзіндік ерекшелігі және креативті жеткізу;
  • әлеуметтік маңыздылығы және өзектілігі;
  • бейнероликтің техникалық сапасы (сурет, дыбыс, монтаж);
  • Instagram-дағы аудиторияның қызығушылығы (қаралым, лайктер, комментарийлер);
  • қатысушы роликті байқаудың ресми хэштегімен өз бетінде орналастыру шарты орындалған жағдайда.

 

  1. Байқау нәтижелері және жеңімпаздарды марапаттау

 

6.1. Конкурстың жалпы жүлде қоры 200 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, бұл 786 400 теңгеге тең.

 

6.2. Қаржылай сыйлықтар келесідей бөлінеді:

  • Гран-при – 60 АЕК (200 000 теңге);
  • I орын – 40 АЕК (150 000 теңге);
  • II орын – 30 АЕК (100 000 теңге);
  • III орын – 20 АЕК (75 000 теңге);
  • Көрермендер көзайымы жүлдесі – 50 000 теңгеден - екі қатысушыға;
  • Ынталандыру сыйлықтары – жалпы сомасы 161 400 теңге.

 

7.3. Байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстардың сапасы мен санын негізге ала отырып, жалпы жүлде қоры шегінде жүлделі орындардың санын және көтермелеу мөлшерін өзгерту құқығына ие.

Қосымша 1

 

 

Қатысушының ТАӘ

 

Аккаунт парақшасы

 

Видеороликтер сілтемесі

 

Байланыс телефоны:

 

 

Дата публикации
28 июля 2025