Теміртау қаласы Ақтау кенті әкімінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Теміртау қаласы Ақтау кенті әкімінің сайлауы қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 18 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласы Ақтау кенті әкімінің сайлауы өтті.

Теміртау қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

Ақтау кенті әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3796 азамат енгізілді, олардың 1713-і (45,12 %)  дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Акишев Талғат Қымбатұлы -237

Гомаров Ерлан Гомарұлы – 149

Кайрбаев Азамат Нұрболатұлы – 1300

Барлығына қарсы – 14.

Ақтау кенті әкімі болып Кайрбаев Азамат Нұрболатұлы сайланды-1986 жылы туған, Теміртау қаласында тұрады, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

 

 

Теміртау қалалық сайлау комиссиясы

 

 

Теміртау қаласы Ақтау кенті әкімінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
19 мая 2025