Теміртау қаласының Ақтау кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Теміртау қаласының қалалық сайлау комиссиясының отырысында әкім болуға кандидаттарды ұсыну қорытындысы шығарылды.
2025 жылдың 10 сәуірі мен 22 сәуірі аралығында әкім болуға барлығы 3 кандидат ұсынылды. Оның ішінде саяси партиялардан - 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен-1. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 3-і ер адам.
Әкім болуға кандидаттар ұсынылды:
1 - «Партия AMANAT» ҚБ-нен, 1- «Партия «Respublica», 1 - өзін-өзі ұсынған.
Барлық кандидаттар ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарға қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта Ақтау кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 27 сәуіріне дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ