Қарағанды облысы Теміртау қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Ақтау кенті әкімің сайлауын тағайындау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Теміртау қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1бабына сәйкес, Қарағанды облысы Теміртау қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 1 қаулысымен Қарағанды облысы Теміртау қаласының Ақтау кенті әкімінің сайлауы 2025 жылдың 18 мамырына тағайындалғанын хабарлайды.
Ақтау кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 10 сәуірден басталып, 2025 жылдың 22 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ақтау кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 17 мамырында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Құрылысшылар даңғылы 47, байланыс телефоны 87213981303.
Қарағанды облысы Теміртау қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы