Тыңдаушылардың назары мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне қойылатын талаптардың артуына, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынас мәдениетінің жоғары болуына, адалдық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтарды қабылдау, кеңес беру кезінде мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай келмейтін мінез-құлықтарының алдын алуға бағытталды.
Басшылар мен мамандарға мемлекеттік қызметшілердің алкогольдік мас күйінде автокөлік басқарғаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ қоғамға қарсы мінез-құлықпен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ескертілді.