Теміртау қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы туралы
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Теміртау қаласы әкімі Ғ.А. Әшімовтың төралығымен терроризмге қарсы комиссиясының 1 тоқсан қорытындысы бойынша отырысы өтті.
Терроризмге қарсы комиссия отырысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысының Теміртау қаласы бойынша басқарма, Прокуратура, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.
Отырыста комисияның қызетінің нәтижелері, экстремизм және терроризмді алдын алуда алға қойылған міндеттер, білім беру нысандарында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.
Дата публикации
27 марта 2025