Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №26/1 «Теміртау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №26/1

«Теміртау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

           Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Теміртау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы №26/1 «Теміртау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерді түрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 5905 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін.

көрсетілген қаулымен бекітілген Теміртау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесі күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

«2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;».

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №26/1 «Теміртау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
20 февраля 2025