Теміртау қаласының жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдарына тарифтерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобильмен тасымалдауға тарифтер төлем тәсіліне байланысты мөлшерде белгіленсін.
- Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 33/3 «Теміртау қаласының жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдарына тарифтерді белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ғ.Әшімов