Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметі үшін негізгі алаңға айналуда. Бұл ортада экстремистік материалдармен танысу және олармен күресу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Радикалды топтар мен қозғалыстардың қызметі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруде, олардың жақтаушылары әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы жастарды заңсыз әрекеттерге тартуға тырысады. Бұл мәселе мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан айрықша назарға алынуда.
Өткізілген Іс-шара барысында әкімдік қызметкерлеріне қойылған сұрақтарға жауап берілді, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағытында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарда талқыланды.

