Мемлекеттік қызметке алғаш кіргендерді қабылдау

📌 Бүгін Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары шеңберінде мемлекеттік қызметке алғаш кіргендерді және жаңадан келгендерді келесі мәселелер бойынша қабылдауды өткіздім.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы – қоғамда сенімділікті арттыратын басты факторлардың бірі.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепке сай әрекет етуі – олардың кәсібилігін және қоғамға деген жауапкершілігін көрсетеді. Әдептілік принциптерін сақтау қызметкерлер арасында сенімді қарым-қатынас орнатып, қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Бұл іс-шаралар мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға және заңның сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 
 
📍Егер сіз Теміртау қаласының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық емес мінез-құлық фактілеріне тап болсаңыз, хабар берулеріңізді сұраймыз.
 

 

Дата публикации
27 января 2025