Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Корлан Бекимова Теміртау және Ақтау кентінің мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге өзекті мәселелер бойынша кеңес беру.
Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, ішкі коммуникацияларды дұрыс қалыптастыру мен дамытудың, сондай-ақ ұжымда сау моральдық-психологиялық ахуал орнатудың маңыздылығын атап өтті.