Теміртау қалалық мәслихатының №8, 12 бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлауын дайындау және өткізу шеңберінде № 8, 12 округтік сайлау комиссияларының және № 325, 344, 346, 347, 348, 349 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған 2024 жылғы 3 және 6 желтоқсанда семинар-кеңестер өтті.
Семинарда Теміртау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Гульжан Кундаковна Еримова дауыс беру күні комиссиялардың жұмыс тәртібін түсіндіріп, сондай-ақ барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Заңнаманы сақтау және дауыс беру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.