Теміртау қалалық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған
Теміртау қаласының № 12 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша
Теміртау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеудің күшін жою туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Теміртау қалалық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-баптың 6-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері негізінде Теміртау қаласының № 12 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Теміртау қалалық мәслихатының депутаттыққа кандидаттарды тіркеу туралы шешімнің күші жойылғандығын хабарлайды:
Теміртау қалалық сайлау комиссиясы