Теміртау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы - ЖОБА

Теміртау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар айқындалсын.
  2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі «Теміртау қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы» № 16/2 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 4734 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                                                                   Ғ. Әшімов

Дата публикации
21 ноября 2024