«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыны іріктеу туралы хабарландыруы
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушы бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және in.dzhumalieva@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет, анықтама телефон: 8(7213) 93-91-99.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
2024 жылғы 14 қарашадан бастап 20 қараша аралығы