«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі 2024 жылдың 28 мамыры, сағат 15.00де Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12 (әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша «Теміртау қаласы, Ескі қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету» қала құрылыстық жобасын қарастыру мақсатында қоғамдық талқылау өтетіндігі туралы хабарлайды.
Ұсыныстар Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 12 мекенжайында қабылданады, электронды пошта: arhitectura_tem@mail.ru, байланыс телефоны: 8 (7213) 91-23-65.
Тапсырыс беруші: «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
Құжаттаманы әзірлеуші – «Бақыт таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі