Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабына сәйкес "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ арнайы есепте тұрған азаматтардың өтініштері бойынша дайын алаңдардағы (10, 11 ықшамаудандар) жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін берудің басталғаны туралы хабарлайды. Мүдделі тұлғалар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру ережелерімен мына сайтта: Теміртау қаласының әкімдігі - https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau , "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі "ММ instagram - zhertemirtau, және жер учаскесін алу кезектілігінің тізімімен ЖБМК (жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры) сайтында - https://map.gov4c.kz/egkn/ таныса алады.
Деректерді нақтылау қажет болған жағдайда (аты-жөні, тұрғылықты жері, байланыс телефонын және т. б. өзгерту) кезекте тұрғандардың eGov.kz электрондық үкімет порталында өзектендіруден өтуін немесе "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ-ге мына мекенжай бойынша хабарласуын сұраймыз: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 6-ықшамаудан, 14-үй, байланыс телефоны 8(7213) 93-11-10.
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ