Нұра ауданының әкімдігі Нұра ауданының аумағында орналасқан мемлекет иелігіндегі ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі
жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды. Жалға беру мерзімі - 20 жыл.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)
құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы
органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта
өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)
құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен
бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу Нұра кенті, Тәуелсіздік, 41 үй мекенжайы бойынша орналасқан
«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауданның жер қатынастары саласындағы уәкілетті
органында 2023 жылғы 18 қыркүйек мен 2023 жылғы 6 қазан аралығында жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу бойынша өтінімдер 2023 жылдың 6 қазан сағат 17-30 дейін қабылданады.
Конкурстың қорытындысын шығару аудандық жер комиссиясының отырысында 2023 жылғы 9 қазанда сағат
10:00-де Нұра ауданы әкімдігінің акт залында басталады, көрсетілім ЮТУБ Канал (Отдел земельных отношении
Нуринского района) онлайн режимде жүргізіледі.