Қыдырбеков Ринат Қуатұлы 1989 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін аяқтаған, мамандығы – жылу энергетигі. 2016 жылы "Болашақ Академиясын " тәмамдаған, мамандығы-қаржы, экономика және бизнес.
Еңбек жолын 2011 жылы "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС-де бастаған.
2013 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметте.
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ энергетика бөлімінің бас маманы, кейін басшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қазан айынан бастап Жезқазған қаласының "Жылумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ бас инженерінің орынбасары, "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" ММ қоғамдық қабылдау меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Теміртау қаласының "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысының орынбасары, ал 2021 жылдың сәуір айынан бастап басшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
Қала әкімі Ораз Таурбеков: "Ринат Қуатұлы Қыдырбеков - Теміртаудың тұрғын үй-коммуналдық секторын дамыту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті тәжірибесі мен қажетті дағдылары бар маман. Ринат Қуатұлының басталған жобаларды бастамалауға тікелей қатысқанын, ТКШ секторына жетекшілік еткенін ескере отырып, оларды іске асыруды одан әрі жалғастыра беретіні қисынды екенін атап өткім келеді”.