Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 16/1 «Теміртау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 16/1 «Теміртау
қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру
орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-
тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148
тіркелген) сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 16/1
«Теміртау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру
орындарын бекіту туралы» қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді
мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 4733 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын.
2. «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қарағанды облысының Әділет
департаментіде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Теміртау
қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қала әкімі О.
Таурбеков

Дата публикации
17 февраля 2023