
Ақпараттық хабарлама
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Мемлекет басшысының 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 қарашасына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауына байланысты сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Теміртау қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары, сондай-ақ кандидаттарды ұсыну кезеңіндегі округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді. Комиссиялардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін болып белгіленді.
Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, Теміртау қаласы мәслихаты депутаттығына бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттарды ұсыну 14 қазанда басталады және 27 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары 1 қараша күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады.