Құрметті Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындары!

 

 

24 маусым күні сағат 16.00-де Теміртау қаласындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің халықпен кездесуі өтеді. Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-7213) 93-92-08, 44-46-94 телефоны арқылы қалдыруға немесе akimat_temirtau@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы жолдауға болады.

Дата публикации
08 июня 2026