2020 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

​ 

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мемлекеттік қызметтерді 9 мемлекеттік мекеме көрсетеді.

2020 жылы Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мемлекеттік мекемелері барлығы 30 229 мемлекеттік қызмет көрсетті (МҚ – 6 858, электрондық лицензиялау – 757, «электрондық үкімет» порталы (ПЭП) – 12 975, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 1 871).

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерге мониторинг тұрақты түрде «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы және мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарда жоспарлы ішкі бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2020 жылы ішкі бақылаумен 8 мемлекеттік орган қамтылды (АХАТ бөлімі, Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Теміртау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Ақтау кенті әкімінің аппараты ММ, Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы ММ, Теміртау қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі ММ, Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ). Нәтижелері бойынша актілер шығарылды.

Қалада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының 2 бөлімі жұмыс істейді. Олармен Теміртау қаласы тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы меморандумдар жасалған.

Әлеуметтік саладағы және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметтер (барлық қызметтердің 80%-дан астамы) бұрынғысынша ең сұранысқа ие болып отыр.

Теміртау қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік мекемелері Еgov интернет-ресурстарында тиісті нормативтік-құқықтық актілерді (стандарттарды), мемлекеттік қызмет паспорттарын, оларды көрсету тәртібі туралы ақпаратты, шағымдану тәртібі туралы мәліметтерді және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың есептерін орналастырған.

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Теміртау қаласы әкімдігі аппаратының ММ-де ашық әкімдік және қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді (Теміртау қ., Тәуелсіздік даңғылы, 12).

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы түсіндіру шаралары БАҚ және әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) арқылы жүргізілді. 2020 жылы әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтер бойынша 24 «тікелей эфир» өткізілді, БАҚ-та 13 материал жарияланды, 37-ден астам түсіндіру іс-шарасы (семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізілді.

2020 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Теміртау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметіне сыртқы тексеру жүргізілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша 14 семинар өткізілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне шығу мониторингі жүргізілді. Мониторинг барысында әкімдік аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі қызметкерлері заңнама нормаларын түсіндірді.

Халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау жұмыстары да жанданды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 55,5%-ды құрады. Мемлекеттік органдарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, онда әрбір тұрғын электрондық форматта мемлекеттік қызмет ала алады.

2021 жылы қала тұрғындары үшін 8 онлайн мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мемлекеттік органдары жұмысының басым бағыты болып қала береді.

Мемлекеттік қызметтер сапасыз көрсетілген жағдайлар бойынша Теміртау қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бөліміне 8 (7213) 92-21-81 телефоны арқылы жүгінуге болады.

 

Дата публикации
08 мая 2026