2022 жылғы қаңтар-тамызда қала бюджетіне 19 944,1 млн. теңге сомасында салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспарға (жоспар - 24 162,8 млн. теңге) 82,5%.
2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда түсімдер 6 723,7 млн.теңгеге ұлғайды (2021 жылдың қаңтар-тамызында - 13 220,4 млн. теңге.).
Нысаналы трансферттер бойынша атқарылуы 1 678,4 млн.теңгені немесе жылдық жоспарға (жоспар - 5 728,6 млн. теңге) 29,3%-ды құрады.
2022 жылғы қаңтар-тамызда қала бюджетінің шығыс бөлігі 20 601,0 млн. теңге сомасында игерілді немесе жылдық жоспарға (жоспар - 37 683,7 млн.теңге) 54,7%.
4-деңгейлі бюджеттің енгізілуі
Теміртау қаласында 1 кент әкімдігі жұмыс істейді (Ақтау кенті).
Ақтау кентінің 2022 жылға арналған бюджеті көлемі 1 129,7 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен бөлінген субвенция - 219,7 млн.теңге және нысаналы трансферттер - 870,1 млн. теңге.
Осы қаражат есебінен жолдарды абаттандыруға, жөндеуге және күтіп ұстауға, жарықтандыруға, аппараттың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және басқаларға бағытталған шығыстар қаржыландырылады.