Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ЖРВИ мен тұмау профилактикасы. Тұмаудан қорғанудың ең тиімді қорғаныс жолы –вакцинация жасау

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға шалдығудың эпидемиялық маусымының басталуына байланысты, Теміртау қалалық  тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тұрғындарды жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанудың ұзақ мерзімді динамикасының талдауы бойынша,  осы ағымдағы жылдың  қазан айынан бастап аурудың жоғарылауының басталуы күтілуде, ал 2021 жылдың ақпан айын аурудың өршуі мүмкін деп хабарлайды.Алдағы 2020-2021 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) болжамына сәйкес, А және В типті тұмау вирустарының, сондай-ақ тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың жаңа штамдарының айналымы күтіледі.Қазақстан Республикасында эпидемиялық маусымда 2020 - 2021 жж. тіркелген және қолдануға ұсынылған тұмауға қарсы вакциналар: Ваксигрипп (Францияда жасалған), Инфлюфак (Нидерландыда жасалған), Гриппол плюс (Ресейде жасалған). Тізімге енгізілген вакциналар қауіпсіз және тұмаудың және оның асқынуларының алдын алуда тиімділігі жоғары.Тұмау – интоксикациясы ауыр,  ринит секілдің катаральды құбылыстар бар, мұрын бітелуі және бронхты зақымдайтын жөтел туғызатын жіті ауру. Вирус ЖРВИ/тұмау арқылы беріледі:- ауа тамшылары арқылы, яғни вирусы бар науқастың тыныс алу жолдарының секрециясы тамшыларымен ингаляциясы арқылы, ал бұл тамшылардың ұшу диапазоны шамамен 10 метрді құрайды- тұрмыстық- байланыс тұрмыстық жолы: инфекцияланған тамшылардың бетіне түсуі, беттермен байланыста болған кезде вирустың қолына түсуі, қолдар бетке тигенде жоғарғы тыныс жолдарына вирусты енгізу.Вакцинация - бұл тұмаудан ең тиімді қорғанысы. Эпидемиологиялық маусымда 2020-2021жж. тұмауға қарсы иммундаудың маңыздылығы мен қажеттілігі өте өзекті болып табылады, өйткені жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымдық жоғарылауы коронавирустық инфекцияның болжамды екінші толқынымен сәйкес келеді, себебі бұл аурудың ағымдары өлімге дейін жағдайлардың  тіркелуіне  әкелуі мүмкін.Қауіпті  топқа жататын адамдарды міндетті түрде вакцинациялауға ерекше назар аудару қажет: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға алынатын балалар, алты айдан асқан науқастар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары, балалар үйі, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызметтерін алушылар, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар. Бұл контингенттерге  тұрғылықты жері бойынша емханаларда ақысыз екпе жасалады. Біз ұйымдар мен кәсіпорын басшыларының назарын жұмыс берушілер есебінен қызметкерлерді маусымдық тұмауға қарсы вакцинация жүргізуге аударамыз. Уақытылы вакцина егу жұмыс күшінде аурудың таралу қаупін азайтады және ауру салдарынан жоғалған жұмыс күндерін азайтады.

 

Сондай-ақ, қала тұрғындарына тұмау мен ЖРВИ-дің алдын-алу шараларын естеріне саламыз, оны әрбір адам ауырмауы үшін орындауы керек:-гигиеналық режимді сақтау, ол қолды мұқият жууды, әсіресе қоғамдық орындарға барғаннан кейін, жөтелген кезде ауыз қуысын жауып тастағанды, мұрын жолдарын оксолинді жақпа майымен майлауды, сарымсақ пен пияз фитонцидтерін ингаляциялауды, ауаны желдету және үй-жайларды жиі ылғалды тазалау;-маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау;-адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу керек, ойын-сауық орындарына, әсіресе балалардың келуіне шектеу қою қажет.      

              Дендеріңіз сау болсын, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!!!

Документы
Тізбе
28 ноября 2023
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
ХАБАРЛАНДЫРУ: Сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі 14.12.2023
Ақпарат
08 ноября 2023
«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жоспарланған қызмет туралы өтініш
Қаулы
14 января 2022
«Қарағанды облысында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.01.2022ж. №2 ҚАУЛЫСЫ
Новости
Полезные материалы
Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!
Туберкулезге қарсы күреске әркімнің өз үлесін қосатын уақыты келді!
ЖРВИ мен тұмау профилактикасы. Тұмаудан қорғанудың ең тиімді қорғаныс жолы –вакцинация жасау
Медиагалерея
1
Қарағанды. Ковидтік аурухана
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Теміртау қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды бақылау бөлімі
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы