
2021 жылы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік саласында жалпы сомасы 7 млрд. 211,6 млн. теңгеге 267 жоба іске асырылды, оның ішінде:
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 млрд. 844,6 млн. теңге сомасына 242 жоба іске асырылды:
- кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі бойынша 6 млрд. 186,8 млн. теңге сомасына 181 жоба қолдау тапты;
- кепілдік беру тетігі бойынша 657,8 млн. теңге сомасына 61 жобаға қолдау көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 224,3 млн.теңгеге 4 жоба іске асырылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 50,9 млн.теңгеге 6 жоба мақұлданды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 91,8 млн.теңге сомасына 15 жоба мақұлданды.
«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ тұрақты негізде қала және Ақтау кентінің кәсіпкерлерімен және тұрғындарымен мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.