
Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында Теміртау қаласында жалпы сомасы 180 млрд. 763,8 млн. теңгеге 1548 жаңа жұмыс орнын құрумен 10 инвестициялық жоба іске асырылуда.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында кәсіпкерлікті қолдау Картасының жобаларымен 36 млрд. 905,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызметтер көрсетілді немесе 2020 жылдың (31 млрд. 987 млн. теңге) ұқсас кезеңіне 115,4%.
Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс кальций карбидін өндіру цехын салу («ТЭМК» АҚ), «Дирексил» Кокс өндірісін ұйымдастыру («КазМетКокс» ЖШС), механикалық цехты кеңейту («Инкар I» ЖШС), тас төсеу цехын кеңейту («Арцах» ЖШС) бойынша 4 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Инновациялық қызметке келетін болсақ, бүгінгі таңда 1-инновация нысаны бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсынатын заңды тұлғалардың тізіміне қаланың 318 кәсіпорны кіреді.
2021 жылғы 07 қазанында және 2022 жылғы 04 ақпанында өңір кәсіпкерлері үшін инновациялар саласындағы статистикалық есептілік нысандарын дұрыс толтыру бойынша өңірлік семинар өткізілді.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайын нығайту, өндірістік процестерді тұрақтандыру, өндіріс көлемін және қазақстандық қамту үлесін ұлғайту үшін инновациялық технологияларды еңгізу бойынша меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындармен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.