
2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 7 214,1 млн. теңгені құрады, НКИ-101,1% (2020 жылмен салыстырғанда 123,4% – 5 845,9 млн.теңге, НКИ - 103,4%).
Мал шаруашылығы өнімі - 885,4 млн. теңге, НКИ - 101,7 % (2020 жылмен салыстырғанда 125,5% – 705,4 млн. теңге, НКИ – 92,6%):
– ет 306,4 тонна немесе 103,4% (2020 жыл-296,3 тонна);
– сүт 2031,3 тонна немесе 101,0% (2020 жыл-2010,2 тонна);
- жұмыртқа 373,9 мың дана немесе 102,0% (2020 жылы -366,7 мың дана).
Бұл ретте: ІҚМ 3,6% – ға немесе 83 басқа (2020 жылы – 2329 бас, 2021 жылы – 2412 бас), ұсақ мал 2,7% – ға немесе 71 басқа (2020 жылы - 2583 бас, 2021 жылы-2654 бас), құстар 12,7% - ға немесе 439 басқа (2020 жылы-3455 бас, 2021 жыл – 3894 бас) жылқы саны 13,6% - ға немесе 32 басқа (2020 жылы-235 бас, 2021 жылы -203 бас) өсті. Шошқа саны 53,5% - ға немесе 253 басқа азайды. Мал басының төмендеуінің негізгі себебі-өткен жылмен салыстырғанда қолайсыз ауа-райына байланысты жем бағасының өсуі, жазда қолайлы ауа-райының болмауы мал басының азаюына үлкен әсер етті. Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде ауыл шаруашылығы малы мен құсының барлық басы жеке қосалқы шаруашылықтарда орналасқан.
Өсімдік шаруашылығы өнімі-6322,6 млн. теңге, НКИ – 101,0% (2020 жылмен салыстырғанда 123,1% – 5135,1 млн.теңге, НКИ-105,4%).
2021 жылы мал шаруашылығын дамытуға кредиттік қаражатты 12,5 млн. теңге сомасына 4 жеке кәсіпкер пайдаланды, мал сатып алу және мал шаруашылығын дамыту үшін 200 АЕК мөлшерінде гранттарды 4,1 млн. теңге сомасына 7 кәсіпкер алды, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алып оны терең өңдеуге «REN Milk» ЖШС мен «АЯН м» ЖШС 2 сүт өңдеу кәсіпорны өндіріс үшін 76,7 млн.теңге сомасына субсидия алды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға 400 АЕК мөлшерінде 1 грант берілді.
|
|