Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.sagatbekova@karaganda-region.gov.kz.
Аккаунты соц. сетей:
Сағатбекова Айгуль Ынтықбаевна
Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі ММ басшысы
Общая информация, образование

Сағатбекова Айгүл Ынтықбайқызы 1983 жылы 17 мамырда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.
Үш жоғары білімі бар.
2005 жылы Қарағанды металлургия институтын «инженер-металлург» мамандығы бойынша аяқтаған.
2007 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін тәмамдап, «экономика бакалавры» дәрежесін алған.
2009 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 2006 жылы РМҚК «Жылжымайтын мүлік орталығы» Теміртау филиалында ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі маман болып бастаған.
2007 жылғы 5 ақпаннан 2008 жылғы 11 ақпанға дейін Теміртау қаласының Әділет басқармасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу бөлімінде кеңесші-тіркеуші болып жұмыс істеген.
2008 жылғы 18 сәуірден 2008 жылғы 30 қазанға дейін РМК «Жылжымайтын мүлік орталығы» Теміртау филиалында маман болып қызмет атқарған.
2009 жылғы 15 қаңтардан 2013 жылғы 2 қыркүйекке дейін Теміртау қаласының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-де экономикалық жоспарлау және инвестициялық саясат секторының жетекші маманы болып қызмет еткен (қайта ұйымдастыруға байланысты).
2013 жылғы 2 қыркүйектен 2013 жылғы 1 қарашаға дейін Теміртау қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-де коммуналдық меншік секторының жетекші маманы қызметін атқарған.
2013 жылғы 1 қарашадан 2015 жылғы 1 сәуірге дейін Теміртау қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-де коммуналдық меншік секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген (функциялардың берілуіне байланысты).
2015 жылғы 2 сәуірден 2016 жылғы 17 тамызға дейін Теміртау қаласының «Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-де коммуналдық меншік секторының меңгерушісі қызметін атқарған.
2016 жылғы 18 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Теміртау қаласының «Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ басшысы болып еңбек етуде.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы