1980 жылы Қарағанды облысы Ұлытау (бұрынғы Ульянов) ауданында дүниеге келген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында бастады. Әр жылдары «Ботақара су қожалығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында директордың орынбасары және директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.
Мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері еңбек етеді.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінің әкімі болды.
2013–2015 жылдары Абай қаласының әкімі қызметін атқарды, кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Одан кейін Приозерск қаласының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылдың мамыр айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Балқаш қаласының әкімі болды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Теміртау қалалық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша 2026 жылғы 20 шілдеде Сапар Сатаев Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды.