Су құбыры желілері
Ақтау кентіндегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы - 38,9 км.
2023 жылы кенттің ескі және жаңа бөлігінде су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Төселген құбырдың жалпы ұзындығы - 4,5 км. Орнатылған құдықтар саны - 103 дана. Су құбыры желілеріне барлығы 245 абонент, яғни 100% қосылған.
Сонымен қатар, 2024 жылы Ақтау кентінің 10 көшесінің атап айтқанда - Степная, Парковая, Нагорная, Озерная, Шоссейная, Железнодорожная, Октябрьская, Энгельс, Чайковский, Молодежная су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Мердігерлік ұйым «Жәнібек-Айдос» ЖШС. Жалпы ұзындығы - 11,7 км., құдықтар саны – 174 дана. Бұрын орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған 330 абонент, яғни 915 тұрғын сумен қамтамасыз етілетін болады. Жұмыстардың орындалу мерзімі 15 желтоқсан 2024 жыл. Сонымен қатар, ұзындығы - 3,5 км су құбыры
желілерін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жоспарланды.
Автомобиль жолдары
Ақтау кентінің автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы-52,2 км.
2021 жылы 0,8 км автомобиль жолдары жөнделді.
2022 жылы жалпы ұзындығы - 7,04 км жолдар жөнделді.
2023 жылы ұзындығы - 7,1 км автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді.
2024 жылы 3,76 км автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Кенттіміз бойынша жалпы жөндеуді қажет ететін автомобиль жолдары- 33,5 км құрайды.
Көше жарығын қалпына келтіру
Ақтау кентінде барлығы 1118 жарық нүктесі бар.
2023 жылы жалпы сомасы 39399,4 мың теңге болатын 149 электр бағаны, 217 шам орнатылды.
2024 жылға сомасы 102495 мың теңгеге тағы 250 электр бағандарын орнату, сондай-ақ, 29782 мың теңге сомасына ӘЖ – 7 км ауыстыру жоспарланды.
Абаттандыру
2023 жылы кентте 5 дана балалар алаңы, сонымен қатар, 1 дана спорт алаңы орнатылды.
2024 жылы 4 дана балалар алаңдарын, 1 дана спорт алаңын, сондай-ақ, 5 дана аялдама павильондарын орнату жоспарланды.
2023 жылы бірыңғай сәулеттік келбетін жасау мақсатында кенттің ескі бөлігіндегі екі қабатты 16 үйдің қасбеттері мен шатырларын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ақтау кентінің тағы 11 екі қабатты үйлерінің қасбеттері мен шатырлары жөндеу жүргізуді қажет етеді.