Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

 

  1. Ашық бюджет дегеніміз не

«Ашық бюджеттер» порталы (budget.egov.kz) – «Ашық үкімет» жобасының компоненті, мөлдір бюджетті қалыптастыруды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының шығысына қоғамдық бақылауды дамыту үшін  құрылды.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес» биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың мемлекеттік органдары мен мекемелері порталда бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және оларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау жүргізіледі.

Түсініктемелер, ескертулер мен ұсыныстарды бюджетті жұмсау мәселелерінде мүдделі Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қалдыра алады.

 

  1. Мемлекеттен тегін жер алуға қалай өтініш беруге болады

 

Сіз Қазақстанның азаматы ретінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін тегін ала алатыныңыз туралы білуіңіз керек. Жер телімі 0,10 гектар (10 сотка) көлемінде жеке меншікке беріледі. Бұл ретте жылжымайтын мүлік – пәтер, үй, гараж, жер телімі бар-жоғы маңызды емес. Жер телімінің меншік иесі жер телімін игергеннен кейін ғана, яғни тұрғын үйді пайдалануға енгізу туралы актіге қол қойылғаннан кейін ғана болуға болатынын ескеру қажет. Аталған мақсаттар үшін жер телімдерін қайталап тегін беруге жол берілмейді.

Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар
Дата публикации
26 мая 2025